Күз кереметтері

«Жауқазын» бөбекжайының «Балапан» тобының тәрбиешілері М.Гумарова, Қ.Даришеваның ұйымдастыруымен «Алтын күзім, армысың!» шарасы өткен еді.

Бұл күні балғындар қуанышында шек болмады. Олар қолдарына сары жапырақ пен бір-бір шар ұстап, музыка әуенімен залға енді. Түрлі ойындар ойналып, қыздарымыз күзгі сән үлгісін әсем бимен көрсете білді. Балалар бар өнерін ортаға салды.

Күз туралы өлеңдер оқылып, әндер шырқалғаны жиналғандарды қуанышқа бөледі. Алтын күз шарасы көңілімізден шықты.

А.Абдиева, ата-ана

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521