Ұлы дала ұлағаттары

Қосарал орта мектебі базасында «Ұлан-ғайыр елімді мен танығым келеді» тақырыбында облыстық семинар оздырылды.

Ол Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде ұйымдастырылды. Дәлізде қолөнер бұйымдарының көрмесі жасақталып, ұлттық киімдер, түрлі заттар қойылыпты. Мектеп директоры Ә.Олжағалиев семинарға келген меймандарға қош келдіңіздер айтып, екі оқушы кіреберісте Қазақстанның киелі жерлерінің картасымен таныстырды.

qosseminar5

qosaralseminar4

Ауданымыздың киелі жерлері Алтын, Жаналы, Өскенбай қорымдары, Шойтас, Қызылжар, Қаражар, Мүсірәлі би, Махамбет, Малайсары туралы баяндады. Одан әрі меймандар бірінші қабаттағы бастауыш фойесінде «Ардақтайық халықтың салт-дәстүрін!» топтамасын көрді. Онда қазақтың ұлттық ойындары бестас, атжарыс ойындарын тамашалап, қазақтың ежелгі дәстүрі-киіз басу, жүн түтуді көріп, бір жасап қалды

qosaralseminar

Қолөнер шебері жүнді қалай сабап, қалай түту керектігін баяндаса, ұлттық киімдегі балалар жетіген аспабымен халық әні «Бүлдіргенді» тамылжыта шырқады. Бұл бөлімде төрде бағалы аң терісі ілініп, мосы, шоқ самаурын да тұр. Мұнан соң меймандар мәжіліс залына оралып, «Ұлы дала тарихы-ұрпаққа аманат» сахналық қойылымын тамашалады.

qosaralseminar3

q

Сахна алдына Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы «Алтын адам», «Атқа міну мәдениеті», «Ежелгі металлургия», «Түркі әлемінің бесігі», «Ұлы Жібек жолы», «Алма мен қызғалдақтың Отаны» бөлімдері жеке-жеке стенд ретінде жасақталыпты. Б.Тілеуханның «Елім менің» әнінен соң ақ періште кейпіндегі жеті бала «Ұлы даланың жеті қырын» қасында тұрып, оны таныстыруға көшті. Шырқалған «Аманат» әні де көпке терең ой салды.

qosaralseminar2

qosseminar6

«Жас патриоттар» академиясының мүшесі, А.Байтұрсынұлы атындағы орта мектептің 11 сынып оқушысы Б.Мырзабеков дулығалы, бес қаруын асынған хас батыр Махамбеттің кейпінде шығып, «Мен, мен, мен едім» монологін мәнерлеп оқыды. «Қосалқа» домбырашылар ансамблі «Қосалқа» күйін күмбірлете шертіп, төкпектетсе, соңы күй-тартысқа ұласты. Сонымен қатар Алға орта мектебінің 10 сынып оқушысы М.Қашқылдақов «Алға, Қазақстан!» әнін шырқауымен есте қалды.

Облыстық білім беру басқармасының әдістемелік кабинет бөлімінің басшысы З.Истелеуова семинарды қорытындылады. Семинарға Мақат, Қызылқоға, Құрманғазы аудандарынан келген ұстаздар да ризашылығын білдірді.

А.Қуанышқалиева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521