«Білім-рингте» бақ сынады

Ауданда Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен білегінің емес, білімінің күшіне сенетін кіл мықтылары қатысқан «Білім-ринг» интеллектуалды сайысы болып өтті.

Оған ауданнан «Мешіт жамағаты», «Жұмыр қылыш», «Ақ Жайық», «Фемида» және «Шонаев жастары» деп аталатын 5 команда қатысты. «Білім-ринг» деп аталатын жастардың бұл интеллектуалды ойынын Атырауға алғаш таныстырғандардың бірі ол белгілі спикер, бизнес-тренер Нұрлан Азаматов болатын.

r

Бұл жолы да ол ойынды жүргізу үшін танымал блогер Ануар Жұмабаймен ауданға арнайы келді. Еркін тақырыптағы логикалық 30 сұрақтан тұратын 1-ші кезеңде барлық команда белсенділік танытты. Алайда сайыс шартына сәйкес 1 сұраққа, 1 минуттың ішінде 1 ғана сөзбен жауап беру бастапқыда қиындық туғызды.

r

Финалдық ойынға жолдама алған «Жұмыр қылыш» пен «Мешіт жамағаты» командаларының арасында да қызу тартыс болды.

r

Сөйтіп, бар-жоғы 20 секундта қойылған сауалдың дұрыс жауабын тауып, жылдамдық пен ұтқырлық танытқан «Мешіт жамағаты» командасы жеңімпаз атанды. «Жұмыр қылыш» екінші орынды, «Ақ Жайық» жүлделі үшінші орынды иеленсе, қалған қатысушыларға «Алғыс хат» пен естелік сыйлықтар табыс етілді.

А.САТАЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521