Тоңдырды мені, Желтоқсан желі ызғарлы!

Тәуелсіздік мерекесіне байланысты Жалғансай орта мектебінде 4-14 желтоқсан аралығында «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» тақырыбындағы апталық ұйымдастырылды.

Алдымен 1 сыныптар «Тәуелсіз еліміздің нұрлы таңы» «Мәңгілік елдің мұраты» тақырыбында сынып сағатын өтсе, 5 сыныптықтармен «Тоңдырды мені, Желтоқсан желі ызғарлы» тәрбиелік шарасы өткен-ді. Сонымен қатар 3 сыныптықтар арасында «Тәуелсіздік бастауы- Желтоқсан» әдеби-музыкалық монтажы есте қаларлықтай ұйымдастырылса, 6 сыныптықтар «Тәуелсіздік- тәу етер жалғыз кием» тақырыбында шығарма жазды.

Ал сынып жетекші В.Тулегенова 7 сыныпта «Өр мінезді, өжет қыз» тарихи кешін ұйымдастырды. Н.Демеуғалиеваның 8-сынып оқушыларымен «Мұзда жанған алау» тәрбиелік шарасы да өз деңгейінде өтті. Одан озып шыққан оқушылар «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» тәрбиелік шарасына қатысты. Мектеп кітапханашасы Г.Отарова мерекеге орай, кітап көрмесін жасақтады.

zhalgansaj

Тәлімгер Б.Жұмағазиева «Ел болашағы жалынды жасұландықтардың қолында!» тақырыбында «Жас Ұлан» ұйымының жиынында оқушыларды мүшелікке қабылдады. 13 желтоқсанда өткен «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» мерекелік шарасына ауылдың мекеме-ұйым басшылары, ардагер-ұстаздар қатысты.

Шара ән-бимен өріліп, 9 сынып оқушыларының көріністерімен, заманауи бимен, монологтар, әдеби монтажбен өрнектелгенін айта кеткен жөн.

Г.Ақбейісова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521