Телефон түбімізге жетпесін....

Аудандық «Жайық шұғыласы» газетінің №47 санында тілші Б.Сапарованың «Смартфонға байланған сәби» бала болып ойнаудан қалды тақырыбында мақаласы жарияланған болатын.

Соған орай мен де өз ойымды білдірсем деп едім. Рас, смартфон санамызды жаулағаны соншалық отбасында бір-бірімізбен әңгіме-дүкен құрудан алыстап барамыз. Мақалада «балабақшадағы баламды телефонмен жұбатамын» деген ата-ананың сөзі мені қатты алаңдатты. Бесіктен белі шықпаған баланы қазір телефонмен жұбатса, ертең есейгенде не істемек? Сонда баланы ата-анасы емес, телефон тәрбиелеп бермек пе? Атақты ғұлама, ойшыл Әбу Насыр әл-Фараби бабамыз: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек. Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» деген. Сондықтан білімнен бұрын тәрбиеге жіті мән бергеніміз дұрыс болар. Қазір бұрынғыдай емес, асыр салып ойнап жатқан балаларды көп кездестірмейсің. Бұл телефон баланың балалығын, алтындай уақытын байқатпай ұрлап жатырғаны өкінішті. Бүгін болмаса ертең денсаулығына, сабақ үлгеріміне де әсерін тигізері сөзсіз. Қымбат смартфонды қалтаға салып алып тайраңдап, ата-анасының тілін алмайтындарды да көріп жүрміз. Осыдан кейін сымсыз құрылғының пайдасынан зияны көп пе деген ойда қалдым. Жеткіншекті жалқаулыққа жетелейтін телефон түбімізге жетпесе екен деймін.

Гүлжамал ҚАСЫМОВА,

ауыл тұрғыны.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521