ads_hero

Мұздан тайып, болмаңыз майып

Биылғы қыстың бастамасы жаман емес. Әрбір жыл маусымының өзіне тән ерекшелігі болады.

Биыл да аппақ қар жердің бетін әп-сәтте қымтап алып, қыстың «мінезін» көрсетіп тұр. Түнімен қылаулап шыққан ақ ұлпа ауаны тазартып, біртүрлі жансарайың ашылып қалғандай өзіңді сергек сезінесің. Әбігерге салған бораны мен ақ шұнақ аязы да онша білінбейді. Еліміздің шығысында ақ түтек боран соғып, бүкіл күре жолдың бойындағы техникалар тырп ете алмай тұрғанын теледидардан көргенде төбе шашымыз тік тұрады. Оның қасында біздің қыс жанға жайлы, шаруаға да қарасып тұр. Бірақ осылай екен деп арқаны кеңге салып, тоқмейілсуге де болмайды.

Айтпағымыз, ауылішілік жолдар дер кезінде қардан тазартылмағандықтан, бір еріп, бір қатқан мұздар тоң болып, қатып қалды. Жаяу жүргіншілер жолының да сұлбасы әрең көрінеді. Әсіресе, аяғы қоюланған егде жастағы адамдарға мұндайда жүріп-тұру қиындай түседі. Қапелімде бір мүшесін майып қылуы да мүмкін. «Тірі адам тіршілігін жасайды» дегендей, балалардың бәрі сабақта, жұмыста болғандықтан аяқ жетер жердегі дүкендерге барып, күнделікті нан, сүтіңді алып келудің өзі бір мұң болып отыр. Өткен әзірде көз алдымда көшенің қақ ортасында бір кейуана аяғы тайып құлап, біразға дейін өз-өзіне келе алмай жатты. Қолтығынан демеп, орнынан тұрғызып жібердік.

Қазір бар-жоғын білмеймін. Бұрындары автодор деген мекеме жолдың қарын күреп, тайғақ болса, үстіне тұз араластырған топырақ сеуіп, жол қауіпсіздігін сақтауға барынша үлес қосатын. Қазір жолдар қараусыз қалды. «Апат айтып келмейді» дегендей, күндердің күнінде біреу кездейсоқ мұзға тайып жығылып, жантәсілім етпесіне кім кепіл? Құдай бетін әрмен қылсын, сондай оқыс оқиғалардан кейін ғана кінәліні іздеп шығатынымыз бар. Сондықтан көшелердегі адам көп жүретін жолдарды уақыт оздырмай, қазірден бастап, жентектелген қар-мұзынан ажыратып, тиісті орындар адамдардың қауіпсіз өмірін қамтамасыз етсе деген тілегім бар.

Бәтима МҰҚАНОВА,

зейнеткер,

Махамбет ауылы.

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Күнтізбе

Редакция

 
Cүйеуова Баян- бас редактор

Cүйеуова Баян
- "Жайық Шұғыласы" газетінің бас редакторы

Сапарова Балнұр

Сапарова Балнұр - бас редактордың орынбасары -жауапты хатшы

Сатаева Айнұр-ІІ снатты маман

Сатаева Айнұр
- ІІ санатты маман

Майбасова Кенжегүл-сайтқа жауапты редактор

Майбасова Кенжегүл
- сайтқа жауапты редактор

Қисина Гулфара-бет құрушы

Қисина Гулфара
- бет құрушы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

ads_hero