Сатқан тағамың сапалы болсын

Махамбет аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қаңтар айының жұмыс жоспарына сәйкес «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып, «Кеден Одағы аумағындағы тағам өнімдері қауіпсіздігіне қатысты заманауи талаптар» және ҚР Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы) №375-V ҚР Заңының 13 тарауының талаптарын таныстыру мақсатында кәсіпкерлермен семинар-кеңес өткізген болатын.

Семинарға Махамбет, Сарытоғай, Ортақшыл, Есбол ауылдарында орналасқан сауда-саттық саласындағы жеке кәсіпкерлер қатысты. Басқарманың жетекші маманы С.Қабазова семинарды ашық деп жариялап, слайд арқылы тақырып бойынша баяндама жасады. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу үшін өнімді(тауарларды) өткізу сатысында оның сынамаларын іріктеуді жүзеге асыру алгоритмінің 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 21 бабына сәйкес өнімді іріктеп алу және оған санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу жолымен өнім қауіпсіздігінің мониторингін жүзеге асыру мақсатында әзір- ленетіндігі баяндалды. Өнім қауіпсіздігінің мониторингі-халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің, гигиеналық нормативтер мен техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімді анықтауға, әкелінуінің алдын алуға, жолын кесуге, өндіруге, қолдануға, өткізуге арналған шаралар жүйесі болып табылатыны түсіндірілді. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Махамбет аудандық филиалы директоры Б.Рахметов тақырып бойынша мазалап жүрген сұрақтарды кәсіпкерлер палатасына жолдауды ұсынды.

Мекеменің бас маман-заңгері Г.Шакимова семинардың күн тәртібіне сай ҚР Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы №375-V ҚР Заңының 13 тарауының талаптарымен таныстырып, қойылған сауалдарға заң шеңберінде жауап берді. Сарытоғай ауылындағы «Адай» дүкенінің иесі Ж.Изтелеуова: «егерде тағам сатып алып жүрген жерімізде сәйкестік декларациясын бермей, наразылық білдірсе, қай заңға сүйеніп, қандай құжаттарды талап етуге болады? Бізде ондай заңда қарастырылған ба?» деген сауалға заңгер: «ҚР Үкіметінің тағам өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» №301 заңының 3 тарау, 11 бап, 8,10 тармағына сәйкес, сіз керекті құжатты талап етуге құқылысыз» деп жауап берді. «Райла» дүкенінің (Ортақшыл) жеке кәсіпкері Р.Әлдешова: «Тексеріс болатындығы жөнінде хабарлама неше күн бұрын ескертілуі керек?» деген сұрақ қойды. Оған ерекше тәртіп бойынша тексеріс болса, хабарлама ҚР Кәсіпкерлік Кодексінің №375-V ҚР Заңының 13 тарауының 147 бабының, 1 тармағына сәйкес 1 ай бұрын беріледі, ал егер жос- пардан тыс тексеріс болса, ҚР Кәсіпкерлік Кодексінің №375-V ҚР заңының 13 тарауының, 147 бабы, 1 тармағына сәйкес 1 күн бұрын хабарланады деген жауап алды. Басқа да түскен сауалдарға заңгер Г.Шакимова заң шеңберінде жауаптар қайтарды.

С.ҚАБАЗОВА,

аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқарма жетекші маманы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521