Прокуратурада Президент жолдауы талқыланды

Аудандық прокуратурада Елбасы Жолдауын талқылауға арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Оған құқық қорғау қызметкерлері, аудандық кәсіпкерлік бөлімі және БАҚ өкілдері қатысты.

-Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауында бірқатар өзекті мәселелерді көтеріп, жүйелі реформалар жүргізетіндігін айтқан болатын,-деді бас қосуды кіріспе сөзбен бастаған аудан прокуроры Н.Ешманов. Жолдаудың бір бөлігінде: «Тиімді шағын және орта бизнес – қала мен ауылды дамытудың берік негізі. Шағын, әсіресе, микробизнес еліміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде маңызды рөл атқарады» деген. Осыған байланысты, Мемлекет басшысы Ұлттық қордан 100 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінгенін айтты. Яғни, жұмыссыз азамат пен азаматшалар тұрақты жұмыспен қамтылып, кәсіп ашып, салық базасын құрап, жергілікті бюджетті нығайтады деп түсінеміз. Оның айтуы бойынша, мемлекет алдағы уақытта да бизнеске қолдау көрсете береді. Мұның өзі біздің ауданымыздың да экономикалық жағдайын жақсартуға септігін тигізеді деген сенімдеміз.

Отандық өнімді қолдаған ол, «қарапайым заттардың экономикасына» айрықша мән беруді сұрады. Өйткені, өз елімізде өндірілетін өнімдердің саны көп болғанымен, тұтынушылардың саны аз болуы алаңдатады. Сондықтан, ең біріншіден Қазақстанымызда шығарылатын өнімдерге сұраныстың болуы мемлекеттік сатып алуларды дұрыс пайдаланудан басталады. Осы орайда, әр мекеме өзіне керек өнімді сертификатталған тасымалдаушылардан алуға мүмкіндігі болады, соның нәтижесінде отандық өнімнің саны ұлғайып, елімізден шығын шықпайды деп есептейміз.

prokyratyra

Бұдан әрі аудан прокуроры Н.Ешманов Президент тапсырмасы бойынша жұмыс берушінің жұмысшыға қосымша 5 пайыз зейнетақы аударуы 2023 жылға дейін шегерілетінін айтты.

« Біз шағын кәсіпкерлікті бүкіл қоғам болып қолдауымыз керек» деген, Президентіміз Үкіметке жаңадан ашқан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін 3 жылға дейін салық төлемдерінен босатуды тапсырды. Сонымен қатар, кәсіпкерліктерге тексеріс жүргізуге үш жылға тыйым салынатындығын айтқан болатын. Бұл алдымен жаңадан кәсіп бастаған кәсіпкерлерге үлкен жеңілдік деп білеміз. Сонымен қатар құқық қорғау жүйесін толық реформалау-аса маңызды міндеттердің бірі екендігіне баса назар аударған Елбасы 2020 жылдың аяғына дейін әкімшілік полиция комитетінің жұмысын қайта ұйымдастыру жөнінде тапсырма берді. Дөңгелек үстел басындағы ашық алаңдағы пікір алмасуға қатысқандар да Президент Жолдауы туралы өз ойларын ортаға салды.

Н.Тельман

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521