Көздіқарада көз сүйсінтер той өтті

Бақсай ауылдық округіне қарасты Көздіқара ауылында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Туған жер алтын бесігім» тақырыбында мерекелік шара өткізілді. Шараны Таңдай ауылдық мәдениет үйі мен осы ауылда кіндік қаны тамған, жүрегі атамекенім деп соғатын азаматтар ұйымдастырды

                                                                  Көздіқара ауылындағы «Нарын» каналының бойына ақшаңқан киіз үйлер тігілді.

koz1

                                                                                              Ошаққа от жағылып, қазан көтерілді.

oshak

                                            Ата дәстүрімізбен ақ жаулықты аналар шашу шашып, балалар шашуды жапатармағай, таласып-тармаса жинап үлгерді.

k

                                                                 Мерекелік шараны ауыл әкімі Қайыржан Мәжиев құттықтау сөзімен ашты.

maziev

Көздіқара ауылының перзенті, тарих ғылымдарының докторы, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің профессоры Аққали Ахмет ауылдың арғы-бергі тарихынан сыр шертті.

akkali

Облыс әкімінің орынбасары Әлібек Нәутиев, аудан әкімінің орынбасары Мардан Сейтқалиев, Тұщықұдық ауылының әкімі Мәди Өтеғаливтер де жүрекжарды лебіздерін арнады.

nautiev

                                                              Жергілікті қаламгер, Таңдайдың ақын қызы Жәниба Қарасаева да өзінің жыр шумақтарын тарту етті.

janiba

Көздіқара ауылында талай жыл еңбек еткен аға ұрпақ өкілдері ұлығыланып, ауыл әкімі Қайыржан Мәжиев Мақсот Құбашевқа, Мұқан Сұпығалиевқа, Нұрғали Жарасовқа, Мақпал Досқалиеваға, Қапура Ізмұқановаға, Отарғұл Қабиевке, Қаламқас Қабиеваға «Алғыс хаттар» мен естелік сыйлықтар табыстады.

1

2

3

4

5

6

7

Таңдай ауылдық мәдениет үйінің директоры Қадыржан Қазымбекұлы осы мерекені ұйымдастырудағы белсенділік танытқан Азат Қалишановты, Аққали Ахметті, Айтқали Төлегеновті, Кәмшәт Иманқұлованы, Күләш Иманғалиеваны, Сәкөн Сұлтановты марапаттады. Өз кезегінде Аққали Ахмет ауылдық кітапханаға кітап тарту етті.

Мерекелік шара барысында ат бәйгесі ұйымдастырылды. 9 шақырымдық, 3 айналымнан тұратын тай жарысынан Бердеш Жансейтов баптаған «Шағырай» бірінші болып келді (Шабандозы Мейіржан). Екінші болып Руслан Шахметовтың «Бірлігі» (шабандозы Елдар), үшінші болып Дамир Қисмеденовтің «Жауынгері» (шабандозы Нұртас) мәре сызығын кесті. 12 шақырымдық 4 айналымнан тұратын құнан жарысында Қайыржан Ізбасов баптаған «Арманай» (шабандозы Дамир) бірінші болып келді. «Арманайдың» ізінше Дамир Қисмеденовтің «Нұрқасқасы» (шабандозы Дамир), одан сәл кейінірек Бекбол Өтеновтің «Талисманы» (шабандозы Рахат) төбе көрсетті.

b

Тай жарысы мен Құнан жарысынан бірінші болып келген шабандоздарға заманауи «Мотоциклдің» кілті табыс етілді. Екінші және үшінші орындарға ақшалай жүлде берілді. Екі жарыста да таңдайлық шабандоздар намысты қолдан бермеді.

1

2orin

60 кг тартатын қой көтеру жарысында таңдайлық Сатыбалды Молдағалиев 32 рет көтеріп жеңіске жетіп, көтерген қойын қанжығасына байлап әкетті.

k

 

                                     Арқан тартыс сайысында Таңдайлықтар бірінші орынға, Көздіқаралықтар екінші орынға, Есмахандықтар үшінші орынға ие болды.

a

Баян СҮЙЕУОВА

Суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521