Бүлдіршінге ерекше сый

Бүгін аудандық перзентханада ерекше жағдай орын алды.

Аудандық аналар кеңесінің төрайымы Жібек Мұғауова бастаған бөлім қызметкерлері қатар келген қос мереке астана жəне ұлттық домбыра күніне орай жұма күні өмірге келген кішкентай бүлдіршін мен оның анасын арнайы барып құттықтады.

4

7

- Еліміз бойынша биыл екінші мəрте тойланып отырған ұлттық домбыра жəне астана күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Жаңа дүниеге келген сəбидің бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру мақсатында республикалық деңгейде қолға алынған домбыра сыйлау акциясы биыл да жалғасын табуда. Айтулы мерекеде дүние есігін ашқан кішкентай бүлдіршіннің болашағы жарқын, елінің патриоты болсын. Осы орайда перзентхана ұжымына да айтар алғысымыз шексіз ,- деді Ж.Мұғауова.

Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Амангелді Сисенов жəне Қоғамдық келісім басқармасының аудан бойынша сарапшысы Ардақ Жуасовтар да мерекемен құттықтап, Сезім атты бүлдіршінге аудан əкімінің «Ақ тілек хатын» жəне көп балалы ана атанып отырған Райхан Жанабаеваға естелік сыйлықтар мен қазақтың қара домбырасын тарту етті.

Б.Сапарова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521