ads_hero

Мерейді тасытқан марапат

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының ғимаратында Қазақстан Республикасы Мәслихаттарының құрылғанына 25 жыл толуына орай жергілікті мәслихаттың мерекелік сессиясы болып өтті.

Сессияны кіріспе сөзбен ашқан аудандық мәслихат хатшысы М.Мырзашев ауданның экономикалық-әлеуметтік дамуына тікелей ықпал ететін өмірлік маңызы бар шешімдер қабылданып, сол бойынша аудан әкімдігімен бірлесіп, ауқымды істер атқарылғанына тоқталды.

2

Мерекелік сессияға жиналған әріптестерін құттықтаған аудан әкімі Ж.Ахметов те баға жетпес құндылығымыз -Тәуелсіздіктің тұғырын биіктетіп, ортақ Отанымыз-Қазақстанды гүлдендіруге ерекше үлестерін қосып жүрген аудан жұртшылығына ризашылығын білдірді. Соңғы жылдары «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламалары бойынша аудан аумағында жүзеге асып жатқан ілкімді істер төңірегінде ойын ортаға салды.

Биылдың өзінде көп балалы аналарға 30 үй сатылып алынса, әлеуметік жағынан осал топқа жататын тұрғын үй кезегінде тұрған отбасылар да баспаналы болып, күтпеген қуанышқа кенелді.

25jil135

Аудан басшысы мұндай игілікті істер алға қарай да жалғасын табатынын жеткізіп, бір топ халық қалаулыларын мерекелік медальмен марапаттады. Аудандық мәслихат депутаты А.Құрманбаев облыс әкімінің алғыс хатын иеленсе, аудандық мәслихат аппаратының маманы И.Дәулетов облыстық мәслихаттың алғыс хатын алды.

2

Аудандық мәслихат аппараты арнайы дайындаған деректі фильм назарға ұсынылды.

Е.Ғалиев

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Күнтізбе

Редакция

 
Cүйеуова Баян- бас редактор

Cүйеуова Баян
- "Жайық Шұғыласы" газетінің бас редакторы

Сапарова Балнұр

Сапарова Балнұр - бас редактордың орынбасары -жауапты хатшы

Сатаева Айнұр-ІІ снатты маман

Сатаева Айнұр
- ІІ санатты маман

Майбасова Кенжегүл-сайтқа жауапты редактор

Майбасова Кенжегүл
- сайтқа жауапты редактор

Қисина Гулфара-бет құрушы

Қисина Гулфара
- бет құрушы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

ads_hero