300 теңгелік автобусқа тас лақтырған кімдер?

«Махамбет-Атырау» бағыты бойынша жолға шыққан 45 орындық "КIA" маркалы автобусқа, жолда кетіп бара жатқан сәтінде белгісіз біреулер қасақана тас лақтырып, желқағар әйнегін сындырып жіберген.

Күні кеше ғана «Махамбет-Атырау» бағытына жолақысы 300 теңгелік автобус шыққанын жазып, халықтан сүйінші сұраған едік. zh-shugylasy.kz Тұрғындар да бұл жаңалыққа қуанып қалған еді.zh-shugylasy.kz Өкінішке орай, жұмысын жаңа ғана бастаған 45 орындық "КIA" маркалы автобусқа, жолда кетіп бара жатқан сәтінде белгісіз біреулер қасақана тас лақтырып, желқағар әйнегін сындырып жіберіпті.

a

Бұл туралы автобус жүргізушісі баяндаған. Тас лақтырған адамдардың кімдер екені белгісіз. Аудандық әкімдік мамандарының мәлімдеуінше, оқиға бойынша тергеу, анықтау жұмыстары жүргізіліп жатқан көрінеді.

Тұрғындардың өтініші бойынша автобус жұмысын жалғастырып, ертең сағат 07.00 шамасында Атырау қаласына аттанады.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521