Менің тілім - ұлы дала рухы

Қазақ тілі атадан балаға мирас болып келе жатқан құнды қазына. Ананың ақ сүтімен бойымызға сіңген ана тіл қай кезде де бізге қуат берері хақ.

Тіл – тарих айғағы. Адамзатқа ғана тән баға жетпес қасиет. Ортақшыл ауылдық кітапханасында ана тіліміздің мәртебесін көтеруге арналған «Менің тілім – Ұлы Дала Рухы» атты 5-9 сынып оқушылар арасында көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты – жас ұрпаққа мемлекеттік тілдің маңызын, қасиетін ұғындыру, елін, жерін, өз тілін, отанын сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу. Жергілікті қаламгерлердің туған жерге арнау өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқу. Байқауы екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімі республикалық «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында ойшыл ақын Ш.Құдайбердіұлының шығармаларын жатқа оқуға арналды.

Ал екінші бөлімде қатысушылар Атырау облысының 80жылдығы мен Махамбет ауданының 90 жылдығына орай «Саялы өлкем – сазды өлкем» тақырыбында жергілікті қаламгерлердің жыр шумақтарын мәнерлеп жатқа оқыды. Байқаудың қорытындысы бойынша III дәрежелі дипломмен оқушылар М.Құсайын, А.Демеу,Е.Құсанғалиев, II дәрежелі дипломмен М.Бағытжанова, А.Ардаққызы,ал байқау жеңімпазы болып, 7 «а» сынып оқушысы А.Құсайын табылды.Шара барысында оқырмандар арасында ана тілімізге, туған өлкемізге байланысты викториналық сұрақтар ойнатылды. «Мемлекеттік тіл-елдіктің айнасы» тақырыбында кітап көрмесіне қойылған әдебиеттерге кітапханашы Ә.Нұрмұханова библиографиялық шолу жасады.

Әлия НҰРМҰХАНОВА,

Ортақшыл ауылдық кітапхана меңгерушісі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521