ads_hero

Ауылдардың бюджеті бекітілді

Бұдан бұрын хабарланғанындай, аудандық Мәслихаттың кезектен тыс 29- сессиясының күн тәртібіне аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 25 желтоқсандағы №203 «2018-2020 жылдарға арналған ауылдық округтердің бюджеттері туралы» шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы мәселе шығарылды.

Бұл жөнінде хабарлама жасаған аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Е.Құлмағамбетов сессияның күн тәртібіндегі 2018-2020 жылдарға арналған ауылдық округтер бюджеттерін нақтылау мәселесі негізінен облыстық мәслихаттың 2018 жылғы 27 тамыздағы №241 шешіміне және аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 14 қыркүйектегі №266 шешіміне сәйкес кейбір ауылдық округ бюджеттеріне аудандық бюджеттен нысаналы трансферттер бөлінуіне және осыған дейін бөлінген нысаналы трансферттерден үнемделген қаржыларды кемітуге және кейбір ауылдық округ бюджеттері бойынша жоспарланған қаржыны бюджеттік бағдарламалар арасында қайта бөлуге, сондай-ақ ауылдық округ бюджеттері қаржы есебінен бюджеттік бағдарламалар бойынша кейбір өтінімдерді қанағаттандыруға байланысты туындағандығын айтты. Нақтыланған бюджет жобасында облыстық және аудандық мәслихаттардың шешімдеріне сәйкес бөлінген жалпы сомасы – 21 489 мың теңге ағымдағы нысаналы трансферттерді келесі ауылдық округтердің бюджеттеріне мынадай мақсаттағы шығындарды қаржыландыруға бағыттау көзделген:

1)Алмалы ауылдық округі бюджетіне – 15 913 мың теңге, оның ішінде Береке ауылында жаңадан іске қосылған мәдениет үйінің ағымдағы шығындарына – 4 457 мың теңге және Алмалы ауылында жаңадан іске қосылған балабақшаның ағымдағы шығындарына – 11 456 мың теңге;

2)Бейбарыс ауылдық округі бюджетіне – 1 576 мың теңге, оның ішінде округ әкімі аппаратының ағымдағы шығындарына – 860 мың теңге, мәдениет үйінің ағымдағы шығындарына – 243 мың теңге және елді мекендердегі көшелерді жарықтандыруға – 473 мың теңге;

3) Махамбет ауылдық округі бюджетіне – 4 000 мың теңге, оның ішінде елді мекендердің санитариясын қамтамасыз етуге – 1 500 мың теңге, елді мекендердегі көшелерді жарықтандыруға – 1 800 мың теңге және абаттандыруға – 700 мың теңге;

Нақтыланған бюджет жобасында облыстық мәслихат шешіміне сәйкес осыған дейін ауылдық округ бюджеттеріне жалпы сомасы – 26 893 мың теңге көлемінде аудандық бюджеттен бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттерден мемлекеттік сатып алулардан үнемделген, оның ішінде Махамбет ауылдық округі бюджетіне елді мекендерді көгалдандыруға бөлінген трансферттен – 600 мың теңгені кеміту көзделді. Бюджеттің нақтыланған жобасында кейбір ауылдық округтер бюджеттеріне салықтық және салықтық емес түсімдерден артық түсетін қаржылар есебінен кірістер жоспарын – 6 718 мың теңгеге ұлғайту көзделген. Бюджеттің нақтыланған жобасында ауылдық округтер бюджеттері бойынша салықтық және салықтық емес түсімдерден қосымша түсетін қаражаттарды тиісінше бюджеттік бағдарламалар бойынша шығындарды қаржыландыруға бағыттау қарас- тырылған. Ауылдық округтердің бюджеттерін нақтылау нәтижесімен бюджеттердің кірістері мен шығыстары жалпы сомасы – 947 432 мың теңге болып, бекітуге ұсынылды. Қаралған мәселе бойынша сессия тиісінше шешім алды.

Н.ЕРҒАЛИЕВ

Super User

ads_hero