ads_hero

Мұқағали өлеңдері үш тілде оқылды

Алға орта мектебінде ақиық ақын М.Мақатаевқа арналған кеш ұйымдастырылды. «М.Мақатаев –үш тұғырлы тілде!» тақырыбындағы шараның мақсаты – оқушыларды адамгершілікке, адалдыққа, ізденпаздыққа тәрбиелеу болды.

Кеш үш тілде жүргізілді. Қазақ тілінде 10-сынып оқушысы Ерлан Баймұханов, орыс тілінде 2 сынып оқушысы Ақманат Жайдарбекқызы, ағылшын тілінде ағылшын пән мұғалімі Ақкүріш Қуандықова жүргізді. Кеште 7 сынып оқушысы Шерхан Айболат, Аяулым Сәду, Артур Ұзақбаев, 6 сынып оқушысы Болат Дастан, 10 сынып оқушысы Бағытжанұлы Дастан, 9 сынып оқушысы Алмаз Ахметовтер Мұқағали өлеңдерін қазақша, ағылшынша, орысша мәнерлеп айтып өз шеберліктерін көрсете білді. Ақынның «Аққулар ұйықтағанда» өлеңіне 6асынып оқушылары Алихан Кенжебай, Дильназ Жұмашева, Болат Дастан, Мұстафа Дильназдар, ал «Менің анкетем» өлеңіне 9 сынып оқушылары Жеңіс Нұрхат пен Әуелбай Нұрдәулет көрініс қойып, көрермен қошеметіне бөленді. Кеште «Мұқағали–ғасыр ақыны» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалды.

Ерлан БАЙМҰХАНОВ,

Алға орта мектебінің ІХ сынып оқушысы.

Super User

ads_hero