Мейірімділіктің онкүндігі

Өзін - өзі тану пәнінің авторы С.А Назарбаеваның туған күніне орай арнайы онкүндік өткізу біздің мектебіміздің дәстүріне айналған.

Онкүндіктің мақсаты – оқушыларға махаббат, бақыттың құндылық ретіндегі мағынасы және мейірімді адами қасиеті мен өзара көмек әрекеттері туралы түсінік беріп, қамқорлық жасау, көмек көрсету дағдыларын дамыта отыра, рухани адамгершілік қағидаларын өз бақыты үшін дұрыс қолдана білуге, өмірді бағалай білуге тәрбиелеу, мақсат қоя білуге үйрету, өзін-өзі жетілдіру арқылы болашаққа құштарлығын дамыту.

Тәрбиелік мәні - адам бойындағы адамгершілік қасиеттерін дамыту, өз-өзіне деген сенімін арттыру, адами қарым-қатынастарын қалыптастыру. Онкүндікке арнайы жоспар құрылып, әрбір күн ерекше өткізіліп жатыр.Өзін-өзі тану пәнінің құрылымына жете түсінген оқытушы мен оқушылар белсене қатысуда.

7 ақпан күні «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндік іс – шара бойынша «Мәнерлеп оқу» сайысын Сейткалиева Гүлназ Жұмақметқызы ұйымдастырды. Бұл сайысқа бастауыш сынып оқушылары қатысты. Балалар Отан, достық, бейбітшілік, ана туралы байқау жүргізілді. Мәнерлеп оқу сайыстарының жеңімпаздары мақтау қағаздары табыс етілді. 8 ақпан күні мектепте 1-4 сыныптар арасында сурет байқауын Әмірбаева Гаухар Әмірбайқызы (туған жер, ана, мейірім, достық) тақырыбында көрмелер ұйымдастырды. Мектеп оқушылары байқауға қатысып, өз шеберліктерін танытты. Оқушылар туған жерге, анаға, достыққа арнаған суреттерін, қабырға газеттерін ілді.Сайысқа қатысушылар және жеңімпаздар мақтау қағазымен марапатталды. Сонымен қатар бұл ұстаздар сабақтарында оқушыларға Сара Алпысқызы туралы кітаптарды оқытып, өмір жолымен еңбектерімен таныстырып, балалардың назарына «Сізге деген сүйіспеншілікпен... » атты бейне фильм ұсынды.

Шараның әрбір күні – мейірімділік пен мерекеге айналды. Әр баланың бойынан анаға, отбасына, туған жерге, досқа және өмірге деген сүйіспеншілігі мен махаббатын салған суреттері мен аналарына,отанға арналған өлең жолдарынан байқауға болады.

Марта КАБДРАХМАНОВА,

Е.Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521