Ұлттық өнер ұрпақ жадында

«Алтын балық» бөбекжайының «Ересек» тобының бүлдіршіндері де тәрбиешілері Ақмарал Бисешова, Жанна Қайыржанованың ұйымдастыруымен Ұлыстың Ұлы күнін мерекелік көңіл-күймен қарсы алды.

Ұлттық киім киген кішкене ұлдар мен қыздар Наурызға арналған әндерін айтып, билерін билеп, өлеңдерін ата-аналарына тарту етті. Тәрбиелік шара барысында сәбиді бесікке салу дәстүрі көрсетілді. Қолдарына қазақтың ұлттық домбырасын ұстаған бүлдіршіндер қыз бен жігіттің айтысын көрермен назарына ұсынды. Бұған қоса қазақтың үш ғұламасы Төле, Қазбек, Әйтеке билердің рөлін сомдаған ұлдар шешендік өнерді де жетік меңгеріп келе жатқандарын көрсетті. Шара соңында асық ату ойыны ұйымдастырылды. Сақаларын шиырып, асықтарға дәл тигізген балалар мергендіктерімен де сүйсінтті.

Б.СҮЙЕУОВА,

ата-ана.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521