Қыдыр атадан бата алды

«Жауқазын» бөбекжайының «Сәйгүлік» тобында тәрбиешілер Ж. Хайдарова, М. Қабазова, М. Нұржанованың ұйымдастыруымен «Наурыз – думан» атты ертеңгілік ұйымдастырылды.

Ортаға Қыдыр ата, әже мен Наурыз қыз келіп, шашу шашылды, қонақтарымен көрісті. Бүлдіршіндер «Көктем», «Наурыз» туралы ән айтып, «Қамажай», «Қара жорға» билеп, әжелеріне, аналарына арнап, тақпақтар тарту етті. Салт-дәстүрлер «Сәбиді қырқынан шығару», «Қыз қуу», ер балалар мен қыз балалар арасында «Арқан тартыс», ер балалар «Күш сынаспақ» ойыны ойнатылып, өте қызықты, көңілді шара ұйымдастырылды. Ата-аналарға сұрақтар қою арқылы ойындар өткізілді.

Қонақтарға наурызкөжелер таратылып, Қыдыр ата батасын беріп,кішкентай бүлдіршіндер өз қолдарымен жасаған туындыларын ата-аналарына ұсынды.

Қ.АМАНҒАЛИЕВА,

ата-ана.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521