Әлсіз еркек өшін әйелден алады

Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың жолын кесу, оны жасауға бейім адамдармен жеке-профилактикалық жұмысты жүзеге асыруға бағытталған жүйені қалыптастыру, сондай-ақ әйелдердің құқықтық білімін арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы нұсқауды орындау мақсатында, аудандық полиция бөлімі зорлыққа тап болған әйелдерге психологиялық, заңдық көмек көрсету сонымен қатар қоғамға, жанұяда әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық фактілері туралы өтініштерді және шағымдарды қарап, заңды тұрғыда көмек беруге мүдделілік танытып отыр.

Туысқандарының, таныстарының күш көрсетуіне және моральдық зорлық жасауына ұшыраған нәзік жандылар біздің қызметкерлерге келіп жолығуларына болады. Бұл жерде зорлық көрген әйелдердің мәселелерінің оң шешілуіне, заңдық және моральдық көмек көрсетіледі. Сондықтан қыз-келіншектер, зорлық фактілері туралы үнсіз қалмаңыздар және полициядан көмек сұрауға қорықпаңыздар. Зорлықшыны дер кезінде хабарлау сіздің парызыңыз, ал оны дер кезінде жөнге салу – біздің міндетіміз. Махамбет аудандық ПБ-нің сенім телефондары 2-11-32, 2-23-67 және кезекші бөлім 102.

Материалдың толық нұсқасын газеттен оқи аласыздар

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521