ads_hero

Қауырсын қалам қанатын қақты

Шығармашылық - бүкіл болмыстың, қозғалыстың, дамудың, бір сөзбен айтқанда, тіршіліктің көзі болса, білім беру мекемелері оқушы бойындағы осындай шығармашылық қабілетін, талантын талайларға танытуды мақсат етеді.

Осы орайда, шәкірттерінің ішкі жан дүниесіне үңіле білген Береке орта мектебінің ұстазы Кабышева Айсұлу баланың шығармашылық қабілетін сабақ үстінде байқай отырып, дамыған қабілет шыңына ұштастырып келеді. Оған дәлел, асқақ ойларымен қазақты қазақ етіп танытқан Абай мен ақиқатты нұсқаған Шәкәрім, өлеңнен өрнек өрген Мағжан мен қазақтың құдіреттілігін жырларымен паш еткен Қадыр сынды ақын-жазушыларымыздың мол мұрасын ары қарай жалғастырып, әдебиетті сүйіп оқып қана қоймай, өзінің сырларын жырларына ұластырып жүрген бүгінгі жас өркендердің барлығы бізді үлкен қуанышқа бөлейді. Міне, сондай жүрегі жыр деп соққан жас ақындарымыздың бірі – мектебіміздің 11 сынып оқушысы Қайырболатов Ердәулет деп біз мақтанышпен айта аламыз. Ердәулет – өзіндік айтар ойы бар, тебіреніп терең мәнді жыр жаза алатын, айналасындағы жанның бәрін өз досындай санап, ішкі сырларын жырмен білдіруді ұнататын ақынжанды, қара өлеңнін қасиетін ұғына білген мектебіміздің үлгілі оқушыларының бірі. Ердәулеттің тамаша қабілетіне бүгінгі таңда тек мектеп оқушылары мен ұстаздары ғана емес, барша Береке ауылы да тәнті болды.

 

Материалдың толық нұсқасын газеттен оқи аласыздар

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Күнтізбе

Редакция

 
Cүйеуова Баян- бас редактор

Cүйеуова Баян
- "Жайық Шұғыласы" газетінің бас редакторы

Сапарова Балнұр

Сапарова Балнұр - бас редактордың орынбасары -жауапты хатшы

Сатаева Айнұр-ІІ снатты маман

Сатаева Айнұр
- ІІ санатты маман

Майбасова Кенжегүл-сайтқа жауапты редактор

Майбасова Кенжегүл
- сайтқа жауапты редактор

Қисина Гулфара-бет құрушы

Қисина Гулфара
- бет құрушы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

ads_hero