Әлеуметтік қамқорлық шаралары қолға алынды

Мемлекет басшысы «Nur Otan» партиясының ХVІІІ съезінде мемлекетіміздің дамудың жаңа кезеңіне аяқ басқанын және алдағы 10 жыл – бұл мемлекетіміздің ең дамыған 30 елдің қатарына кіруіндегі шешуші кезең екенін атап өтті.

Негізгі басымдық – азаматтардың лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету мен Қазақстанның әлеуметтік бағдарланған мемлекет ретінде дамуы екенін нақтылай отырып, белгіленген нақты мақсаттар мен жобалар негізгі үш бағыт бойынша іске асырылатынын айқындады:

1.Халықтың күн көрісі төмен тобының табысын арттыру және қолдау;

2.Жалақысы төмен азамат- тардың тұрғын үй мәселесін шешу және білім беру мен денсаулық сақтау салаларын жақсарту;

3.Өңірлерді кешенді дамыту. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау тетігін жетілдіру

Біріншіден, атаулы әлеуметтік көмек көрсету критерийі ең төменгі күнкөріс деңгейінен 50%-дан 70%-ға дейін арттырылады (14 849 теңгеден 20 789 теңгеге дейін). Нәтижесінде, егер бұрын АӘК-ті 571 мың адам алған болса, 1 шілдеден бастап 830 мыңнан астам адам қамтылады.

Екіншіден, атаулы әлеуметтік көмек тағайындаған кезде отбасының жиынтық табысынан көп балалы отбасыларға және «Күміс алқа» және «Алтын алқа» төс белгілерімен марапатталған көп балалы аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар, сондай-ақ мүгедектігі бойынша балаларға берілетін жәрдемақылар алып тасталады.

Үшіншіден, ай сайын аз қамтылған отбасының әрбір баласына күнкөріс деңгейінің 70%-ы мөлшерінде кепілдендірілген көмек (20 789 теңге) көрсетілетін болады. Отбасының ересек мүшелері үшін АӘК мөлшері бұрынғыдай есептеледі. Ол орта есеппен қолданыстағы көмектің мөлшерін 40%-ға арттырады.

Төртіншіден, АӘК тағайындау рәсімі сұратылатын құжаттарды оңтайландыру арқылы жеңілдетіледі. Осылайша, халықты жұмыспен қамту орталықтары немесе ауылдық округтер мен кенттер әкімдіктерінің мамандары ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған кезде тиісті мемлекеттік органдарға сұрау салуларды рәсімдейді.

Толығырақ газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521