Кішіпейілділік көрісуден басталады

Еліміздің батыс аймағында ежелден келе жатқан дәстүрлердің бірі – көрісу. Бұл күнді батыстық ағайындар асыға күтіп, ерекше атап өтеді.

Таң атысымен міндетті түрде бауырсақ пісіріп, ағайын-туыс, көрші-қолаңды ақ дастарқан жайып күтеді. Биыл 14 наурыз көрісу күнін махамбеттіктер ерекше көңіл-күймен қарсы алды. Олай дейтін себебіміз, орталық алаңға жиналған жұртшылық бір-бірімен құшақтасып көрісіп, аудан өнерпаздарының дайындаған концерттік бағдарламасына куә болды. Халқымыз дастарқанын қашанда айрықша қастерлеген. Орталық алаңнан табылған тұрғындар ризық-несібеміз мол болсын деген ниетте жайылған ақ дастарқандағы бауырсақ пен ағарғаннан ауыз тиіп, мәре-сәре болды.  Ел ағалары ақ тілектерін білдіріп, игі дәстүрді әрқашанда дәріптеуге шақырды.

Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге, ренжіскен жандарды татуластыруға үндейтін көрісу күнінің тәрбиелік мәні жоғары.

Б.САПАРОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521