ads_hero

Бауырсақ жауған күн болды

Наурыз мерекесінің, жаңа жылдың бастауы ретінде тойланатын көрісу күнін таңдайлықтар жоғары деңгейде атап өтті.

Бұл күні адамдар таңнан бастап үй аралап, үлкендерге сәлем беріп, бір-бірін амал мерекесімен құттықтады. Ауыл тұрғындары амал мерекесіне арналған концерттік бағдарламаны тамашалады. Шарамызда құттықтау тілектер айтылып, әсем әндер айтылып, тәтті күйлер күмбірледі.

Мерекеге орай «Бауырсақ Party» шарасы ұйымдастырылды. Ауылдағы мекемелер мен ұжымдар қазақтың қара қазанында халқымыздың ұлттық тағамы бадана бауырсақтар пісіріп, тұрғындарға таратты.Таңдай ауылдық мәдениет үйінің ардагері Күміс Иманғазиева амал мерекесіне орай дайындаған наурыз көже мен құрт-ірімшіктерінен ауыл тұрғындары дәм татты.

Ж.ЕСЕНОВА,

Таңдай ауылы.

Super User

ads_hero