Киесі де, иесі де оның сендерсің!

Еліміздегі қасиетті орындарды бірнеше түрге бөліп қарауға болады. Атап айтқанда, ерекше саналатын табиғи мұра ескерткіштері, археологиялық және сәулет ескерткіштері, қазақ хандығының астаналары мен ірі ортағасырлық қала орталықтары, зиярат ету орындары болып есептелетін діни және табынушылық нысандар, тарихи тұлғалармен байланысты қасиетті орындар, тарихи және саяси оқиғаларға байланысты қасиетті орындар.

Қазіргі таңда «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында республика төңірегіндегі қасиетті нысандардың тізімі жасақталып, оларды сақтау және насихаттау бағытында көлемді шаралар жүргізілуде.

Бағдарлама аясында, Атырау облысы бойынша 7 киелі жер республикалық (жалпыұлттық) маңызы бар нысандар тізіміне алынды. Олардың қатарында, Махамбет ауданынан ортағасырлық Сарайшық қаласы, Индер ауданынан халық батыры М.Өтемісұлының жерленген жері, Жылыой ауданы бойынша Бекет атаның туған жеріндегі Ақмешіт, Ұшқан-ата, Құлшан ата қорымдары, алтын адам табылған Аралтөбе қорғаны, Иманқара табиғи кешені бар. Сонымен қатар, жергілікті маңызы бар қасиетті орындар тізімі бекітіліп, оның құрамына Махамбет ауданы бойынша Ақын Бала Ораз Өтебайұлының жерленген жері, Исатай мен Махамбеттің Жайықтан өткен жері, сәулеттік маңызы бар ХІХ-ХХ ғасырдың бас кезіне жататын құлпытастар мен құрылыстар шоғырланған Алтын, Баймөңке, Битенмола, Жаналы, Жангелді қорымдары және Шойтас Бөдікұлының жерленген жері енді. Әрине, осындай маңыздылығы жоғары киелі жерлер аудан төңірегінде жетіп артылады. Қазіргі таңда оларды қасиетті нысандар тізімен енгізу жұмыстары әлі де жалғасуда.

Бүгінгі күні анықталған Махамбет ауданы аймағында тарихи-мәдени маңыздылығы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің саны 157-ні құрайды. Оның ішінде, археологиялық нысандардың саны – 56, сәулет ескерткіштерінің саны – 28, ансамбльдердің саны – 73.

Толығырақ газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521