Атаңнан қалған ас емес

Бүгінде дүкен сөрелерінде самсаған арақ-шарап көп. Кейде ішетін адамдар қарызға болса да арақ алып жатқанын байқаймын. Солардың өздері жұмыссыз жүрсе де ішімдікке қалай ақша тапқанына таңданасың.

Соңғы кездері арақ-шарап, темекі өнімдері қымбаттаса да ер азаматтар оған келгенде әйтеуір ақша табады екен. Кейбір мерейтой, туған күндерде де көк мойындар қылтиып тұрады сан көбейтіп. Сонау кеңес заманында КСРО азаматтары ішімдікті көп ішкенін білеміз. О кезде ішімдіксіз той өтпеуші еді. Той жасар, қонақ шақырар кезде отбасылар жәшік-жәшік арақ алып қоятынын талай көзіміз көрді. Әрине, соның бәрі ішіледі. Малды ауылдарды, қыстақтарды аралағанда дастарханның үстінде тағамның түрі болып, міндетті түрде арақ тұрады. Енді ол жөнінде мамандардың пікірлеріне құлақ түрсек. Әйелін соққыға жығатындар әлі бар А.ЕЛЕШОВА, аудандық полиция бөлімінің Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты:

– Ауданымызда 26 жайсыз отбасы есепте тұр. Бұларда кәмелет жасына толмаған балалар мен жасөспірімдер тәрбиеленіп жатыр. Олардың арасындағы жайсыз отбасылар әкелерінің көбі ішімдікке жақын жандар екені рас. Кейде олар ащы суға тойып алып, әйелін соққыға жыққан жағдайлар да кездесті. Әр жанұяда кәмелет жасына толмаған жасөспірімдер болғандықтан әкелерін үнемі бақылауда ұстап отырамыз. Біз олардың үйлеріне жиі бас сұғып, жағдайларын біліп, балаларды қараймыз. Күні бүгінде балалардың қауіпсіздігі басты орында тұр. Арақтың кесірінен қаншама отбасының шаңырағы шайқалды десеңші. Арасында түрлі ауруларға шалдыққандары да бар.

«Арақ-атаңнан қалған ас емес» дегендей, жас ұрпақты ішімдікке әуестіктен сақтандырсақ, қандай ғанибет болар еді. Оның орнына ұлттық тағамдарымыз -шұбат, қымыз, көже, қымыран, айран, қатықты неге тұтынбасқа?

Соңғы кездері тойлардың өзі ішімдіксіз халал той ретінде өтіп жүр. Жалпы қазақтың ұлттық тағамдарының алатын орны зор. Бірақ оларды насихаттау жағы кемшін түсіп жатыр. Ұлтымызды азғындыққа жетелейтін арақ секілді жат қылықтардан аулақ болайық, ағайын!

Толығырақ газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521