ads_hero

Халыққа қызмет ету-парыз

Мемлекеттік қызметші күніне байланысты ауданымызда «Өнерпаз» мәдениет үйінде «Ел құрметіне бөленгендер» атты салтанатты шара өтті.

Оған аудандық әкімдік, ауылдық округ әкімдері, бөлім басшылары, бас, жетекші мамандары, ардагерлер қатысты. Салтанатты шараны аудан әкімінің орынбасары С.Аманшиева ашып, мемлекеттік қызметшілерді мерекемен құттықтады. Ол бұл мереке елімізде жетінші рет аталып өтіп отырғанын, ауданымызда 124 мемлекеттік қызметкер барын, оның 68-і қыз-келіншектер екенін алға тартып, олардың ішінде 7-і көпбалалы аналар барын тілге тиек етіп, әр мемлекеттік қызметкердің міндеті-халыққа адал қызмет көрсету болып табылатынын жеткізді.

z

z

z

Одан әрі бір топ мемлекеттік қызметшіні «Алғыс хатпен» марапаттауға көшті. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің «Алғыс хатымен» аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Ж.Пазулов, жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы Г.Үмбетова, Жалғансай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы М.Балатаева, Ақтоғай ауылдық округінің жетекші маманы Д.Еркинова марапатталса, Атырау облысы әкімінің «Алғыс хатына» Бақсай ауылдық округінің әкімі Қ.Мажиев, Махамбет ауылдық округі әкімінің орынбасары М.Баймишев ие болды.

z

Ал Махамбет ауданы әкімінің «Алғыс хатымен» аудандық білім бөлімі басшысының орынбасары А.Ахметова, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шауашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Р.Ерғалиев, аудан әкімі аппаратының бас инспекторы Н.Ибрашева марапатталды. Мемлекеттік қызметтің ардагері С.Жайлашев, жас мемлекеттік қызметші Ш.Бағдалова төл мерекемен құттықтап, толайым табыстар тіледі. «Қазақтың Төлегені» атанған ҚР Еңбек сіңірген әртісі, актер Құман Тастанбеков туралы бейнефильм көрсетілді.

А.Арманова

Кенжегул

ads_hero