ads_hero

Атырауда полицейлерден ақша жинаған подполковник жазаға тартылды

Атырауда жергілікті полиция қызметінің басшылары қарамағындағы қызметкерлерден пара алғаны үшін жазаға тартылды.

Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Атырау облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бұдан бұрын Атырау полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары, подполковник Жұмашев және бөлімше бастығы, аға лейтенант Балтаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтаған болатын.

Полицейлер лауазымдық өкілеттігін теріс пайдалана отырып, қызметте жалпы қамқорлығы үшін қарамағындағылардан пара алу күдігіне іліккен еді. Сонымен қатар, олар қызметкерлерді есептелген сыйақы төлемдерінің 50 пайызын беруге мәжбүрлеген. «Сот үкімімен оларға айыппұл салынды және мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына шеттетілді. Мұнымен қоса, бұрынғы полицейлер арнайы шендерінен де айырылды», - делінген таратылған мәліметте.

Сурет:Дереккөз

Кенжегул

ads_hero