ads_hero

Келін болса Назеркедей болсын!

Атырау қаласындағы Құрманғазы мәдениет үйінде облыстық әйелдер істері және демографиялық саясат жөніндегі комиссияның ұйымдастыруымен «Осындай болсын келінің» атты облыстық келіндер сайысы өтті.

Бұл сайыста әр әулеттің намысын арқалаған 8 үміткер бақ сынады. Ауданымыздан Махамбет аудандық мәслихат аппаратының бас маман-заңгері Назерке Нұрмолдаева қатысты. Түрлі сынақтан өткен сұлу келіндер көзтартарлық қолөнер бұйымдарын жасап, ұмытыла бастаған ұлттық тағамдарды дайындап, тәңір берген таланттарын ортаға салды. Ақыл мен ептілікті сынға салған бұл байқауға Ұлы Отан соғысының даңқты жауынгері, стратег қолбасшы Б.Момышұлының келіні З.Ахметова төрайымдық етті. Н.Нұрмолдаева барлық сыннан сүрінбей өтіп, әділқазылардың шешімімен 2 орынды қанжығасына байлады.

Ауданымыздың намысын қорғап, жүлделі 2 орынға ие болған мемлекеттік қызметкер, екі бала тәрбиелеп отырған Избуловтар әулетінің аяулы келіні Назерке Әбілдақызын жеңісімен құттықтап, алар асуларың алда болсын деген тілек айтамыз.

Г.ТӨЛЕГЕНОВА,

аудан әкімінің бас инспекторы.

Super User

ads_hero