ads_hero

Біздің Бекболат «Үздік медиа маман»

Қоршаған ортаны көгалдандыру, табиғатты қорғау, жұмыссыз жастарды жұмыспен қамтуды мақсат еткен «Жасыл ел» мемлекеттік бағдарламасының жабылуына арналған салтанатты шарада, аудандық жастар ресурстық орталығының маманы Бекболат Сегізбаев «Үздік медиа маман» номинациясына ие болды.

- Осы еңбек маусымында сарбаздар құрамына оқушылар, студенттер және жұмыссыз жастар жұмылдырылған болатын. Жастар бос уақытын тиімді өткізе отырып , өзінің отансүйгіштік қасиетімен еліне қызмет жасап, қоғамдық маңызы бар игі істерге өз көмектерін көрсете білді. Бұл шараға махамбеттік жастар да өз үлестерін қосты, – дейді Б.Сегізбаев.

Бұл маусымның алдыңғылардан айырмашылығы тал отырғызуға арналған күзгі шаралар жасалып, оған 154 белсенді және жұмыссыз жастар атсалысқан.

Б.Сүйеуова.

Super User

ads_hero