Көрісу көрегенділіктің белгісі

Махамбет орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесінде тұңғыш рет көрісу мерекесі тойланды.

Мекеме директоры Өркен Қапанов жиынды ашып, жиналғандарды облыстан, ауданнан келген меймандармен таныстырды. «Ауыл» ХДП төрағасы Қадыржан Бақтығалиұлы мен партияның Индер аудандық филиалының жетекшісі Керімбай Сағымбаев жиналғандар мен орманшылар қауымын көрісу-амал мерекесімен құттықтап, толайым табыстар, отбасы амандығын тілеп, одан әрі партия туралы кеңінен тоқталды.

Аудан әкімінің орынбасары Мардан Жұмахметұлы, Махамбет ауылдық округі әкімі Басерет Мыңбаев, Сарытоғай ауылдық кітапханасы меңгерушісі Қарлыға Айдаровалар да жиналғандарды мерейлі мерекемен, Наурызбен құттықтап, әр отбасына амандық, жанұя шаттығын тіледі. Махамбет орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі КММ қызметкері Ерболат Серіков көрісу-амал мерекесі туралы жыр жолдарын төгілтсе, «Ауылыма» әнін бәрі қосыла шырқағаны көңілге қонымды болды. Мұнан әрі қатысушылар халық әндерін, Шәмшінің сазды әндерін бірінен соң бірін орындап, маңайды әнге бөледі. Шара соңы мерекелік дастарханға ұласты.

А.ҚУАНЫШҚАЛИЕВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521