Съезден кейінгі серпіліс

Аудандық орталық кітапханада Елбасының жаңа әлеуметтік шаралары «Әлеуметтік қамқорлық» бағдарламасын ақпараттық түсіндіру мақсатында оқырмандар арасында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Шараны аудандық орталық кітапхана басшысы Ш.Измагамбетова ашып, «Нұр Отан» партиясының 2030 жылға дейінгі бағдарламасынан туындаған «Әлеуметтік қамқорлық» бағдарламасына қысқаша түсінік беріп өтті. Одан әрі шараның арнайы шақырылған қонақтары Махамбет аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі маманы А.Қартжановаға, Махамбет ауылдық округтен келген маман Садықова Сайранға кітапхана оқырмандары С.Аймағамбетова, А.Дәнекерова, Б.Махметова көкейтесті сұрақтарын қойып, өз ұсыныс-пікірлерін білдірді.Сондай-ақ Махамбет ауылдық округі әйелдер кеңесінің төрайымы Б.Масалимова шараға қатысушы оқырмандарға ақыл-кеңестерін айтып, кәсіпкер Г.Жақсыбекқызы қыз-келіншектерге өздерінің жанына жақын іспен айналысып, кәсіп ашып, табыс табуға шақырды. Шара соңында қатысушы қонақтар мен оқырмандарға естелік-сыйлықтар табыс етілді.

Б.МЕЙРАМОВА,

Махамбет аудандық орталық кітапхана әдіскері.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521