ads_hero

Енді ұрлық ауыр қылмысқа айналады

2019 жылы 21 қаңтарда Мемлекет басшысымен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар» енгізу туралы заңға қол қойылған болатын.

Заңмен 42 заңнамалық актіге, оның ішінде 11 кодекске меншік құқығын қорғауды күшейтуге, төрелікті дамытуға, сот жүктемесін оңтайландыруға және экономикалық қылмыстарды ізгілендіруге бағытталған түзетулер енгізілді. Аталған заңда «Қазақстан Республикасының Азаматтық процессуалдық кодексінің сот бұйрығын өндіруге қатысты енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы» яғни, 135-бабындағы өзгерістер, нотариустарға қатысты қаралатын іс санаттарындағы жаңа енгізілімдер, яғни сот бұйрығын өндірудің 18 талабының 9-ы нотариатқа берілетін болады, сонымен бірге оңайлатылған сот өндірісінің 12 санатының 10-ы бұйрық арқылы өндіруге беріледі. Сот бұйрығын беру туралы арыз АПК-нің 135-бабына сәйкес қаралуға жатпаса қайтарылатын болады.

Банктік қарыз шарттары бойынша тараптардың мүліктік құқықтарын қамтамасыз ету үшін «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заңында банктік шотты жүргізгені үшін және осындай шотты ашқан кезде қарыз бергені үшін қос комиссияларды ипотекалық қарыздар бойынша 180 күн өткен соң есептелген сыйақыны алуға тыйым салынатындығы көзделді.

Салық кодексінде, неке және отбасы туралы Кодексте және «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Заңында алименттік төлемдер үшін ашылатын арнайы шоттардан балаларды ұстауға арналған алименттік төлемдерді өндіріп алуға тыйым салу белгіленген. Заң қарыз алушы-борышкердің банктік шотынан ақшаны оның берешегін төлеу есебіне алуға шектеу енгізеді, оған сәйкес оның шотында айлық ең төменгі күнкөріс деңгейіне тең сома қалуға тиіс. Бұл норма қиын қаржылық жағдайға түскен қарыз алушы жеке тұлғаларды әлеуметтік қорғауға бағытталған.

«Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Заңында борышкердің кепілге салынған жылжымайтын мүлікті өз бетімен сатуы үшін үш ай мерзім белгіленген, оның мүмкіндігі бұрын болмаған. Сондай-ақ түзетулер мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қою кезінде тең құнды өтеуді қамтамасыз ету үшін жағдай жасайды.

Сондай-ақ түзетулер мүлікті тәркілеу кезінде тұлғалардың мүліктік құқықтарын қорғауға бағытталған. Осы мақсатта қылмыстық Іс жүргізу кодексінде қылмыстық процестің (сотқа дейінгі және сот) әрбір сатысында мүлікті тәркілеу туралы шешім қабылдағанға дейін оның қылмыстық шығу фактісін анықтау қажеттігі нақтыланады.

Толығырақ газетіміздің №9 санынан оқи аласыздар

Super User

ads_hero