ads_hero

Еліміз 124-ші орында

Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі бойынша өткен жылдың қорытындысымен ең жоғары балл жинаған мемлекеттер қатарына Дания және Жаңа Зеландия енсе, ең төмен балл жинағандар қатарына Сомали, Сирия және Оңтүстік Судан мемлекеттері енгізілді. Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексінде Қазақстан 31 балл жинап, 124 орынға ие болды.

Қазақстан тоғыз зерттеу бойынша бағаланды. Соның ішінде бес деңгейлік агенттіктер Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа күресінің оң нәтижесі бар екендігін атап өтті. Ал үш деңгейлік агенттіктер Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларына берген бағаларын жоғарылатса, тағы екеуі жеткіліксіз деген баға берді. Облыс көлемінде алатын болсақ, өткен жылы қоғам белсенділерінің, үкіметтік емес ұйымдарының, саяси партиялар, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен 290 мыңнан астам адамды қамтыған 2238 шара өткізілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобаларды жүзеге асыру бағытында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топпен 30 000 адамды қамтыған 501 ұжымға түсіндіру жұмысы жүргізіліп, олар бойынша 46 адам жазбаша өтініш білдірді.

«Азаматтық бақылау» жобасының жүзеге асырылуы бойынша өткізілген конкурстық байқаудың нәтижесінде «4 билік» қоғамдық бірлестігі жеңімпаз болды. Жоба аясында азаматтарға құқықтық кеңестер және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде жоба аясында 124 өтініш келіп түсіп, барлығы қанағаттандырылды. «Адал жол» жобалық кеңсесі іске қосылып, қазіргі таңда тұрақты жұмыс жасауда. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оны жою бағытындағы жұмыстарды одан әрі жалғастыра береміз.

Д.ЛҰҚПАНОВА,

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің бас маманы.

Super User

ads_hero