ads_hero

Дәстүрімнің дәнегісің – Наурыз

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай ауданымызда «Дәстүрімнің дәнегісің - Наурыз» атты  мерекелік думанды шара болып өтті.

Мерекелік шара  «Жаңарған жер, бақ қонған ел» Қыдыр Ата мен Наурызбектің кездесуінен басталды.Театрландырылған қойылым көпшіліктің көңілінен шықты.  О.Шонаев, Е.Ағелеуов, Д.Төленов мектептерінің  қыздарынан құралған топ «Ақ-қара», «Көктем», «Бәйшешек» хореографиялық композициясын ұсынса, «Жауқазын» бөбекжайының қызметкерлері «5 ана» және «Көктем ару», аластау рәсімдерін көрсетті.

Одан әрі аудан әкімі Жәрдемғали Бахуұлы махамбеттіктерді Наурыз мерекесімен құттықтады.  Шара барысында кітапхана, мұражай, мұрағат, арнаулы мектеп-интернатының қызметкерлері «Көрісу» рәсімін, «Алтын балық» бөбекжайы «Бастаңғы» дәстүрін, О.Шонаев орта мектебі «Келін түсіру» дәстүрін, З. Ещанова атындағы Өнер мектебі «Тұсаукесер» рәсімдерін, Д.Төленов атындағы мектеп-гимназиясы ұжымы «Тоқымқағар» салтын бейнеледі. Е.Ағелеуов атындағы орта мектептің жастары  «Алтыбақан маңындағы ойын-сауықты» нақышына келтіре орындады.

Жас өнерпаздар Ізбасар ҒаниұлыН.Тілендиевтің «Сарыжайлауын», Назерке ХамзинаТ. Сарыбаевтың «Наурыз-думанын», Дана ҒасырбекМ.Омаровтың «Наурыз көктемін» әуелетті.

Мерекелік шара  «Ұлы дала үні» Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасының «Мәдениет қайраткері», дәстүрлі әнші Елмұра Жаңабергенованың концертіне ұласты.

Б.Сүйеуова.

Super User

ads_hero