Туған жер тұғырым

Педагогикалық жоба – балалардың танымдық қызығушылығын дамыту, ата-анасы мен тәрбиешісі- нің көмегі арқылы білім көкжиегін кеңейтіп, сыни ойлауды дамытуды көздейді. Осы бағытта мен «Батыр баба Махамбет» атты жобаны таңдап, өз тобымда жұмыс жасап келемін.

Үш бағыттан тұратын жобамның іске асуына ата-аналар мен тәрбиеленушілер бірігіп, бұған дейін көптеген жұмыстарды атқардық. Аудандық мұражайға, кітапханаға балалар Махамбет баба өмір жолдарымен танысты. Махамбет өлеңдерінен сайыстар өткізілді. Әрбір ұрпақ өз жері мен оның байлығының иесі болу үшін жаңа технологияларды меңгеріп, жаңаша өмір сүруге үйренудің жолдарын білуге тиіс. Балаларымызға халқымыздың игі дәстүрлерін, ізгі қасиеттерін, рухани адамгершілік қағидаларды ұстануға үйретсе, ұдайы санасына сіңіріп отырса, болашағымыз жарқын болмақ.

Бала – біздің болашағымыз. Біз ұрпағымыздың сауаттылығымен көріктіміз. Сондықтан туған жерді дәріптеу, қастерлеу, бала бойы- на дарыту – ұстаздық міндетіміз.

Кафура ДҮЙІМБАЕВА,

«Алтын - Ай» бөбекжай тәрбиешісі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521