«Ботагөз» тігін цехы ашылды

«Атамұра» мейрамханасы жанынан жеке кәсіпкер Софья Мұхамбетованың бастамасымен «Ботагөз» тігін цехы ашылып, пайдалануға берілді.

Аудан әкімінің орынбасары Мардан Жұмахметұлы аудан тұрғындарын жаңа нысанның ашылуымен құттықтады.

Облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының кәсіпкерлікті қолдау және сауданы дамыту бөлімінің басшысы Н.Жұмаситов ауданда тігін цехы ашылып отырғанына ризашылығын білдіріп, 2010 жылдан бері 1080 жоба игерілгенін, өңірде 6 мыңға жуық жұмыс орны ашылғанын, соның нәтижесінде өңіріміз 1 орынға ие болғанын, бұған бюджеттен 56 млн. теңгедей қаражат бөлінгенін айтып, кәсіпкерге тек сәттілік тіледі.

Туысқандар атынан сөз алған Нұрғайша Мүсепова игі іске мұрындық болған аудандық әкімдікке, кәсіпкерлер палатасы мен бөліміне алғысын жаудырды.

Жаңа нысанның лентасын аудан әкімінің орынбасары М.Сейтқалиев пен кәсіпкер Т.Мүсепов қиды. Облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасы кәсіпкерлікті қолдау және сауданы дамыту бөлімінің басшысы Нұрдаулет Берікұлы бизнес ашуды мақсат еткен адамдарға кәсіпкерлік және туризм бөліміне жолығуға болатынын қаперледі.

Тігін цехының иесі жеке кәсіпкер Софья Мухамбетова «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясындағы мемлекеттік гранты арқылы «Оқушыларды тігін ісіне тегін үйрету цехы» әлеуметтік жобасымен 1 млн. 500 мың теңгені жеңіп алған. Әлеуметтік жоба аясында 3 адамды жұмыспен қамтып отыр. Кәсіпкердің айтуынша, тігін цехында мүмкіндігі шектеулі жандар мен әлеуметтік осал топтарды, мектеп оқушыларын тігін ісіне үйрету мақсатында тегін шеберлік сыныптары мен курстар ұйымдастыру жоспарлануда.

А.ҚУАНЫШҚАЛИЕВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521