ads_hero

Бос орындар жәрмеңкесі өтті

«Nur Otan» партиясы Махамбет аудандық филиалы ғимаратында мемлекеттік мекемелердегі бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Жәрмеңке Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің бастамасымен, Махамбет ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен, Ұлт жоспарының «100 нақты қадамы» аясында «Кәсіби мемлекеттік аппарат құруды» іске асыру мақсатында жергілікті тұрғындар мен жоғары және арнайы оқу орындарын бітірген жастардың арасында аудан көлемінде мемлекеттік қызметке түсу жолдарын түсіндіру, насихаттау, сондай-ақ, мемлекеттік мекемелердегі бос лауазымдарды толықтыру мақсатында өткізілді. Оған аудан бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы, аудандық қазнашылық басқармасы, аудандық статистика және талдау басқармасы, аудандық сот, аудандық инспекция бөлімі, аудандық Полиция бөлімі, аудандық орталық ауруханасының өкілдері мен аудан әкімдігіне қарасты мекемелер қатысты.

j

Махамбет ауданы әкімдігінде күні бүгін он бос мемлекеттік әкімшілік лауазым бар. Соның бірі Бейбарыс ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы мемлекеттік әкімшілік лауазымына екі жас үміткер тестілеу бағдарламаларымен танысып, өз қызуғышылықтарын білдірді. Аудандық мемлекеттік мекемелерден келген өкілдер мемлекеттік әкімшілік қызметіне орналасу тәртібін түсіндіріп, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасушы үміткерлерге жадынамалар таратылды.

Өз тілшіміз

Кенжегул

ads_hero