ads_hero

Бес айда баспаналы болдым

2016 жылы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен есепшот ашқыздым.

Бастапқыда оған ақша салмасам да смс хабарламаларды оқып, сақтап қоятынмын. Ағымдағы жылдың ақпан айында есепшотыңызда 500 мың теңге болса, «Жас отау» мемлекеттік бағдарламасына қатыса аласыз деген смс келді. Дереу жолдасыма айтып, қажетті соманы жинап, өтініш жібердік. Бас-аяғы екі аптада конкурстың шешімімен өтінішіміз қабылданды деген хабар алып, үмітіміз ояна түсті.

Осы бағдарлама Атырау облысында биылғы Жастар жылында іске қосылғандықтан облыс әкімі Нұрлан Асқарұлы шаршы метрі 180 мыңды құрайтын пәтерлерді, 140 мыңға түсіртіп, үлкен қолдау білдірді. Соның арқасында бастапқы сомасы 6 млн-ды құрайтын 1 бөлмелі пәтеріміз 4млн-ға түсіп, алғашқы 20% жинау да жеңіл болды.

Одан бөлек соңғы 5 жылда менің де жолдасымның да атында мүлік болмауы тиіс, табысымызды 2 баламызға, өзімізге бөлгенде 47 мың теңгеден асуы керек деген банктің талаптарына да толықтай сәйкес келгендіктен, құжаттарымыз тез қабылданды.

Шілденің 1-күні ТҮҚЖБ-ның Атырау облысындағы филиалы директоры Н.Оразбайұлының қолынан «Нұрсая» мөлтек ауданындағы 5 қабатты жаңа үйлердің біріндегі пәтерімнің кілтін алдым. Жас отбасыларға осындай үлкен мүмкүндіктер туғызып отырған банк басшылығына, облыс әкіміне алғысымды айтамын.

Гүлзира Әлібекқызы,

аудандық орталық кітапхана қызметкері

Кенжегул

ads_hero