ads_hero

Ауданымызда баспана мәселесі әлі күнге ең өзекті тақырып

Өткен аптада «Өнерпаз» мәдениет үйінде Тұрғын құрылыс жинақ банкінің Атырау облыстық филиалы басшылығының және аудан әкімінің қатысуымен кең көлемді түсіндіру жиыны болып өтті.

Оған ауданымыздағы тұрғын үй мәселесі мазалап жүрген тұрғындар мен бірқатар мекемелердің қызметкерлері қатысып, қажетті ақпарат алып, банктің жұмыс жүйесімен жетік танысты. Жиын барысында аудан әкімі Жәрдемғали Бахуұлы:

- Біздің ауданымызда баспана мәселесі әлі күнге ең өзекті тақырыптардың бірі болып отыр. Түрлі санаттағы тұрғындардан бөлек медицина, білім беру, ауыл шаруашылығы т.б сала мамандарының өзінде тұрғын үй мұқтаждығы басым. Халқымыздың ең үлкен қадір-қасиеті ол - отбасымыздың үлкендігі, кеңдігі. Соған орай ұл-қызымызға енші беріп, бөлек шығару ежелгі дәстүр-салтымыз, қалаберді ата-аналық парызымыз боп мойнымызда тұрады.

i

i

Осы себепті Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің Атырау облыстық филиалының басшысын, мамандарды бүгін ауданымызға арнайы шақыртып, мазалаған сұрақтарыңызға жауап алуға мүмкіндік туғызып отырмыз, ал нәтиже шығару қашанда өздеріңіздің табандылықтарыңызға байланысты,-деді.

А.Сатаева

Кенжегул

ads_hero