Бүлдіршіндерге қуаныш сыйлады

Бала - өмірдің қызығы. Кез келген ата-ана сәбиін қуантып, еркелеткісі келеді.

Ал, балалар үшін ең жақсы сыйлық – ойын-сауық кешеніне барып, кез келген аттракционда құмары қанғанша ойнау екені белгілі. Ауданымызға уақытша болса да ат басын бұрған қарағандылық көшпелі ойын-сауық орталығы аудан балақайларына керемет қуанышты көңіл-күй сыйлады. Аттракцион бірнеше бөлімдерден тұрады. Жылжымалы пойыз, айналмалы карусель т.б. ойын техникаларына отырып алған балалар да, олардың тәтті қылығына сүйсінген ата-аналар да дән риза. Көшпелі ойын-сауық орталығының директоры Лерник Эбрумовичтің айтуынша балаларға қуаныш сыйлап отырған қарағандылық “NTC-25” компаниясы көрінеді. - Жыл сайын біз Қазақстанның бірнеше қалаларын аралаймыз. Біздің орталыққа тек кішкентай бөбектерге ғана емес, сонымен қатар ересек 18-23 аралығындағы жасөспірімдерге де келіп демалуға болады. Бұл есте қаларлықтай сәттердің бірден-бір көрінісі. Небәрі 10 күнге келсек те халықтың көңілінен шықтық деген ойдамыз. Біз үшін ең бастысы балалардың бақытқа бөленгені,- дейді Л.Эбрумович. Сыңғырлаған күлкілерімен айналаны думанға бөлеген бүлдіршіндерге қарап отырып, осындай ойын-сауық орталығы ауданымыздан тұрақты ашылса, нұр үстіне нұр болар еді-ау деген ойға қалдық.

Айжан ЖАНБОЛАТОВА,

Х.Досмұхамедов атындағы АМУ-і журналистика факультетінің 4 курс студенті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521