ads_hero

Атыраулық меморган басшылары тікелей эфирде есеп береді

Биылғы ақпан айынан бастап Атырау облысы әкімінің тапсырмасы бойынша мемлекеттік органдардың басшылары әлеуметтік желілердегі Атырау облысы әкімдігінің ресми парақшаларында тікелей эфир арқылы апта сайын есеп беретін болады.

Алғаш болып 1 ақпан күні сағат 18:00-де облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ұлықбек Тналиев пен қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Нұрлы Хабиева тікелей эфир арқылы атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарларын баяндайды.

Егер де сұрақтарыңыз немесе ұсыныстарыңыз болса, тікелей эфирге қосылып жолдауларыңызға мүмкіндік бар.

Есеп беру Атырау облыстық әкімдігінің Facebook, Instagram әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында тікелей эфирде өтеді.

Facebook: https://www.facebook.com/AkimatAtyrau

Instagram: https://Instagram.com/akimat_atyrau

Айқара Ғұмар

Super User

ads_hero