Тіркеу куәлігіне ие болды

17 жасқа толатын Қазақстан Республикасының ер азаматтары тіркелу учаскелеріне тіркелуге міндетті. Осыған орай Махамбет ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне 2002 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу ұйымдастырылды.

Алдымен ауылдық округтерден есепте тұрған, мектептерден білім алып жатқан 2002 жылғы жасөспірімдер тізімі алынып жалпы тіркелуге жататын азаматтардың саны шығарылды. Осы тізімге сәйкес барлық 17 жастағы азаматтар дәрігерлік байқаудан өтіп, әскерге шақыру учаскелеріне есепке тіркелді. Мектептің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімдері арқылы тіркелген азаматтарға «Шақыру учаскесіне тіркеу куәлігі» салтанатты түрде табыс етілді. Тіркелуге келген азаматтардың әскер қатарына баруға ынталы екендіктері байқалды.

Бұның өзі мектептерде алғашқы әскерге дайындық пәнінің жоғары деңгейде өткізілетіндігін көрсетеді.

А.БАЙДОСОВ,

бөлім бастығының орынбасары.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521