Атырауда қоғамдық көліктердегі жол жүру жеңілдіктері кімге беріледі?

Атырауда қоғамдық көліктерге жол жүру жеңілдіктерінің кімге ұсынылатыны туралы айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) тегін жол жүру жеке жолаушылар тасымалдаушылар, соғыс ардагерлеріне және оған теңестірілген тұлғаларға ұсынылады. Бірінші, екінші топ мүгедектері мен 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар тегін жол жүре алады. Жалпы білім беру мектептерінің оқушылары күніне 2 рет қоғамдық көлікпен тегін жүреді.

Техникалық және кәсіби білім беру мекемелерінің білім алушылары, күндізгі бөлімдегі жоғары оқу орындарының студенттеріне күніне 2 рет қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) 50% жеңілдікпен жол жүру мүмкіндігі беріледі. Зейнеткерлерге - 50%. Көпбалалы аналарға - 50% (4 және одан да көп балалары барлар 18 жасқа толғанға дейін)», - деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Cурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521