Арнайы топ ауқымды жұмыс атқарды

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыруды сыртқы талдау және бағалау жөніндегі арнайы мониторингтік тобы құрылып, жұмыс жасай бастағанына көп уақыт өтпесе де ауқымды шаралар іске асырылып келеді.

Қоғамдық сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг мынандай қағидалардың негізінде жүргізіледі. Олар: заңдылық, жариялылық, ашықтық және жан-жақтылық. Арнайы мониторингтік топ мүшелері мемлекеттік органдармен, квазимемлекеттік сектор субьектілерімен өзара іс-қимылда адал және әділ, сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ұсыныстар енгізеді. Бұқаралық ақпарат құралдарында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді және шындыққа сәйкес келмейтін мәселелерді таратпайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық мониторинг жүргізу кезінде арнайы мониторингтік топ мүшелері өздерінің құқықтары мен міндеттерін, стандарттарын басшылыққа ала отырып, барлық ауданды және ауылдық округтерді аралап, аудандағы мемлекеттік қызметшілермен, мекемелер мен ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор қызметкерлерімен, партия, үкіметтік емес ұйымдар, БАҚ өкілдерімен, кәсіпкерлер және тұрғындармен кездесіп, облыс аудандарын түгел қамтыған болатын.

Ал арнайы мониторингтік топтың Атырау қаласындағы жұмыстары төмендегідей өрбіді. Мемлекеттік қызметшілердің жұмыс кестесінің сақталуын анықтау барысында жұмыс уақыты аяқталуына қарамастан жұмыс орнында отырған бірнеше қызметкерлер анықталып, олардың басшыларына ескерту берілді. «Жасырын тұтынушы» әдісімен теміржол вокзалында көптеген кемшіліктер анықталып, «Атырау» телеарнасында жариялану нәтижесімен қоғамда үлкен резонанс туғызды. «Атырау – Ақтөбе», «Атырау – Маңғышлақ», «Атырау – Алматы» жолаушылар тасымалдайтын пойыздарда рейдтік шара ұйымдастырылып, вагондардағы тәртіп, санитарлық жағдайын көріп, баға беріп, анықталған кемшіліктерді жою жолдарын көрсетіп, хаттама толтырылды. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетіндегі №1 жа- тақханасында көптеген кемшіліктерге куә болдық.

Бұдан басқа осы жылдың тамыз айында Атырау мұнай және газ университетінде, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде, Каспий өңірінің қазіргі заманғы, С.Мұқашев атындағы политехникалық колледжі мен Атырау бизнес және құқық колледждерінде мемлекеттік грант бөлу кезінде «бақылаушы» ретінде қатысып, бұл жұмыстың қалай жүретінін біліп, кемшіліктерді жоюға ұсыныстар бердік. Бұл жұмыста арнайы мониторингтік топ мүшелеріне комиссия мүшелерінің және оқу орындары басшыларының тізімі, грант бөлу кестелері табысталды.

Сондай-ақ, осы жылдың наурыз айында «Қоғамдық бақылау картасы» жобасын іске асырудағы негізгі тәсілдері бойынша брифинг өткізіліп, жаңа жобаның мақсаты мен міндеттері түсіндірілді және облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелер бойынша азаматтық бастамашылдық конгресінің отырысы өтті.

Атырау облысы әкімінің орынбасары А.Әжіғалиеваның және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша Департаментінің басшысы Т.Қ.Жұмағұловтың, облыстық білім беру басқармасы мен қалалық білім беру бөлімінің басшыларының, сондай-ақ барлық жоғары және арнаулы білім орындарының басшылары және мектеп директорларының қатысуымен ағымдағы жылдың 28-ші қыркүйегінде білім саласындағы сыбайлас жемқорлық мәселелері қаралып, анықталған кемшіліктер көрсетіліп, жауапты басшыларға ескертпелер берілді.

Арнайы мониторингтік топтың мүшелері қорғаныс саласындағы көктемгі және күзгі әскерге шақыру науқанына, әскерге шақы- рылушылардың мандат комиссиясының жұмысына бақылаушы ретінде қатысып, әскерге аттандыру жұмысымен танысып, кейбір ұсыныстар берілді. Бұл жұмыс желтоқсан айының аяғына дейін жалғасын табады деп отырмыз.

Толыбай ШӘКІРОВ,

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған арнайы мониторингтік топ мүшесі, заңгер,

Ауған соғысының ардагері.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521