ads_hero

20 дана «Жайық шұғыласына» жаздырды

Өз қара басының қамын ғана күйттемей, өзгелердің қажеттіліктері мен қиындықтарын көріп, көмектескісі келетін жанашыр жандарды іздегенде саусақпен санап қалатынымыз жасырын емес.

Сондай жандардың бірі– кәсіпкер Рысгүл Итесованың жанашырлық ісі жайлы айтып өтсек дейміз. Ол жақында ауданымыздың төл басылымы «Жайық шұғыласы» газетіне 20 адамды жаздырып, жақсы іске мұрындық болды. Өзі де газеттің тұрақты оқырманы. - Ауданымызбен бірге жасасып келе жатқан газетімізден елдің күнделікті тыныс-тіршілігін оқып, біліп отырамын. Әсіресе, ауыл өмірінің тірлігі, ондағы шаруалардың жайы, мемлекеттен алып жатқан көмектері турасындағы іс-әрекеттерге сүйсініп, осы тақырыптағы мақаланы іздеп оқимын. Өзім секілді шалғайдағы шаруалардың жұмыстарымен танысып, риза боламын, - дейді кейіпкеріміз.

Айта кетейік, Алға ауылының тұрғыны, 3 баланың анасы, жеке кәсіпкер Рысгүл Ғадылжанқызы 2009 жылдан бері «Есен» шаруа қожалығын басқарып келеді. Кәсібінің нәсібін көріп отырған нәзік жанды келер жылдан бастап шаруа қожалығын кеңейту мақсатында жер алып, төрт түлік мал өсіруге ден қоймақшы.

Б.МӘЛІКҚЫЗЫ.

Super User

ads_hero