ads_hero

Архив құжаттары цифрлы форматқа көшеді

Елбасы «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында ұлттық тарихымызды, сананы жаңғырту қажеттілігіне баса мән берді.

Бұл жұмыстарды жүзеге асыру үшін “Архив-2025” жобасын іске асыруды тапсырды. Бұл жоба мың өліп, мың тірілген қазақтың ұлттық тарихын түгендеп, келер ұрпаққа сол күйінде жеткізуге зор үлесін қосары сөзсіз.

«Архив – 2025» жобасының негізгі мақсаты – сонау ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі кезеңді қамтитын барлық отандық және шетелдік мұрағаттарға елеулі де іргелі зерттеулер жүргізуді көздейді. Елбасы атап өткендей, еліміздің тарихи жылнамасындағы ақтаңдақтарды қайта қалпына келтіруге жол ашқан «Мәдени мұра» бағдарламасы табысты іске асырылғанымен, бабаларымыздың өмірі мен олардың ғажап өркениеті жөніндегі көптеген деректі құжаттар, әлі де болса, ғылыми айналымға түспей жатқаны жасырын емес. Ендігі жерде әлемнің бүкіл архивтерінде өз іздеушісі мен зерттеушісін күтіп жатырған тарихи құжаттарымызды өз дәрежесінде зерттеп, өзімізге қайтару бүгінгі күннің басты міндеті болмақ. Мемлекет басшысы сонымен қатар архив деректері барлық мүдделі зерттеушілер мен қалың жұртшылыққа қолжетімді болуы үшін оларды белсенді түрде цифрлық форматқа көшіру қажеттігін де айтты. Бұл орайда аудандық архивте де атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Архивтегі тарихтың барлығын деректер базасына құйып, жаңа технология үлгісінде сканерленген құжаттарды сақтау жұмыстары жасалуда. Бұл қандай да бір құжатты іздеген жағдайда уақыт алмай тез табуға мүмкіндік береді. Біз архив саласындағы қызметкерлер «Архив – 2025» жобасына атсалысуға қашанда әзірміз.

Ақжарқын ЖҰМАБАЕВА,

аудандық архивтің қор сақтаушысы.

Super User

ads_hero