«Айя» келушілерге есігін ашты

22 қарашада Жалғансай ауылдық округінде жаңа кәсіпкерлік нысан іске қосылды.

Атырау-Махамбет тасжолы бойында "Айя" атты жолаушылар мен жүргізушілерге арналған орталық ашылды. Жаңа кәсіпкерлік нысанды  аудан әкімі Жәрдемғали Бахуұлы құттықтап, ашты.

k

Ашылу салтанатында белгілі сазгер, жазушы, публицист, музыкатанушы, Қазақстан мен Қырғызстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Ілия Жақанов ақжарма тілегін арнады. Ал дәстүрлі лента қию рәсімі танымал тұлға, сазгер Ілия Жақанов пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Нәсіпқали Саменов ағамызға бұйырды.

k

Кәсіпкер Каметов Бағыттың жаңа кемпингінде клиенттерге арналған демалып-тынығатын арнайы бөлмелерден бөлек сауна/монша, караоке-кафе, 50 орындық асхана бар. Одан бөлек, ауласында 300 түп жеміс ағаштары егілген екен. Жаңа нысан «Айяда» ауылдың 10 адамы жұмыс істеуде.

k

Кәсіпкерлік нысан лайым халық үшін қызмет ете берсін деген тілектеміз.

А.Текебай

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521