«Айымнан» дәм татыңыз!

Сарытоғай ауылында "Айым" кафетериясы ашылды.

Ауыл тұрғыны Шамшиденова Құралай Аманғалиқызы «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының «Жас кәсіпкер» жобасының 1 айлық оқуын аяқтап, сертификатын алған-ды.

aiym4

Жобасын сәтті қорғаған Қ.Аманғалиқызы қайтарымсыз 505 мың теңге көлемінде грант ұтып, бүгінде Сарытоғайдан өз кәсібін бастап отыр. Ашылу салтанатында Махамбет ауылдық округі әкімінің орынбасары М.Баймишев сөз алып, жас кәсіпкер Қ.Шамшиденова қайтарымсыз грант ұтып алып, жеке кәсібін ашқалы отырғанын, бұрын «Айгүл» дүкені енді «Айымға» айналғанын айтып, сәттілік тіледі.

aiymkafe

«Жайық арулары» бишілері «Қазақ» биін дөңгелете билеп, көптің қошеметіне бөленді. Мұнан соң «Амантұрлы» шаруа қожалығының басшысы Қ.Маханова кәсіпкерлік нысан ауылдастар үшін зор қуаныш екенін, сарытоғайлық Махуза мен Сансызбайдың бала-келіні Әлишер мен Құралай жеке кәсібін ашып, шаруасын дөңгелеткелі отырғанын айтып, жастар жылында көш бастағандарына ақжарма тілегін жеткізді.Жас кәсіпкер Ә.Нұржанов та бастауларына үн қосып, «Айым» кафетериясын ашу қуаныштарына ортақтасып келген барша ауылдастарына шынайы ризашылығын білдірді.

Өнерпаз Г.Сисенбаева «Ризамын» әнін шырқауымен көзге түсті. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасының Махамбет филиалының менеджер-кеңесшісі А.Хамидуллин де кезінде Сарытоғай алмасымен аты шықса, енді кәсіпкер жастарымен мақтансын, игі істер берекелі болсын деп, кәсіпкерлік нысанға құтты болсын айтты.

a

Кәсіпкерлік нысанның лента қию рәсімі Сарытоғай ауылының ардагерлер кеңесінің төрағасы У.Рахымжанов пен Махамбет ауылдық округі әкімінің орынбасары М.Жолдасқалиұлына жолданды.

Жиналғандар «жақсыны көрмекке» дегендей, бәрі ішке кірді. Кәсіпкерлік нысан екі бөлмеден тұратынын білдік. Бірі тамақтану орны - дәмхана болса, екіншісінде тағамдар, салаттар дайындалады екен.

a

aiym7

А.Қуанышқалиева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521