«Aidana» оқу орталығы жұмысын бастады

Елімізде жастарды қолдау бағытында бірқатар бастамалар қолға алынып, жүзеге асырылуда.

Соның куәсі бүгін аудан орталығында «Zhas project» жобасы негізінде жеңімпаз болып танылған жобалардың бірі «Aidana» оқу орталығы өз жұмысын бастады. Ашылу салтанатына қатысқан аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Амангелді Сисенов жоба жеңімпаздарын құттықтап, алдағы жұмыстарына тек сәттіліктер тіледі.

Ж.Жабаев көшесінде орналасқан оқу орталығының лентасын қию рәсімі ардагер Мұханбет Есқабылов және Д.Төленов атындағы мектеп-гимназиясы ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ұлжан Исағалиева табысталды. Жасы небәрі жиырмадағы қаршадай қыздың таудай талабына ұстаздары да дән риза болып, ақ тілектерін жаудырды. «Aidana» оқу орталығы жобасының авторы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің 2 курс студенті Айдана Мұханбетова.

5

5

5

- «Zhas project» туралы алғаш естігенде, қуанғаным рас. Себебі, бұл жоба арқылы көптеген жастар ойда жүрген тың идеяларын іс жүзінде жүзеге асыруға мүмкіндік алуда. Сол секілді біз де командамызбен жобамызды дайындап, тәуекелге бел байлап бағымызды сынадық. Ойға алған мақсатымыздың орындалғаны біз үшін үлкен жетістік. Енді алты ай бойы жартылай жетім және әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған, көп балалы отбасы балаларына тегін білім береміз. Әзірге 1-9 сынып аралығындағы 25 баламен бастағалы отырмыз. Осы тұста мектеп қабырғасында тәлім берген Ұ.Исағалиеваға және өзге де ұстаздарыма шексіз алғысымды білдіргім келеді, - дейді Айдана Бекбосынқызы.

Айта кетейік, оқу орталығында ағылшын тілінен Айдана Мұханбетова, орыс тілінен Айнұр Есқабылова және логопед маманы Альбина Мусалимова аптасына екі рет сабақ өткізеді. Орталық ғимараты кең, жайлы әрі балалардың білім алуына қажетті құрал-жабдықтармен де қамтылған.Ендеше, жалынды жастар жұмысына біз де сәттілік тілеп, істеріңіз оңға бассын дейміз.

Б.Сапарова

Сурет: автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521