ads_hero

9 тәулікке қамаққа алынды

Махамбет аудандық сотында құқық бұзушы Е.-ге қатысты әкімшілік ісі қаралды.

Іс материалдарынан анықталғандай, құқық бұзушы Е. алкоголь ішімдігін ішкен масаң күйде Сарайшық ауылында орналасқан тұрғын үйдің терезесін сындырып кіріп, жәбірленуші Ж-ға күш қолданып, тән ауруына ұшыратқан, бірақ денсаулыққа жеңіл зиян келтіруге әкеп соқпаған әрекеттерді жасаған. Сот отырысында құқық бұзушы өзінің кінәсін толық мойындап, іс-әрекетіне өкінетінін айтты.Сот қаулысымен құқық бұзушы Е. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-2 бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 9 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындалды.

Super User

ads_hero